Мен, Әбдіназарова Салтанат Жұманазарқызы, 18.09.1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келдім. 1993-1997 жылдары Шымкент қаласындағы Әл-Баптин атындағы Шығыстану институтында оқып, ағылшын және араб тілдерінің мұғалімі біліктілігін алдым. 1997 жылы бітіріп, сол институтта оқытушы болып жұмыс істей бастадым. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы Экономика институтында жұмыс істедім. 2000 жылдан бастап Алматы қаласында жұмыс істеймін. 2000-2001 жылдары Халықаралық Кәсіптер институтында ағылшын тілі оқытушысы, 2001- 2013 жылдары ҚазҰПУ-да ағылшын тілінің аға оқытушысы, 2013-2015 жылдары Алматы Энергетика және Байланыс университетінде ағылшын тілінің аға оқытушысы, 2015-2016 жылдары №67 орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі, 2017- 2018 жылдары ҚазҰУ-да ағылшын тілінің аға оқытушысы болып жұмыс істедім. 2007-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогиқалық университетінде "педагогика және психология" мамандығы бойынша магистр үздік дипломын алдым. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін филология факультетінің шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Халықаралық және республикалық басылымдарда ғылыми жарияланымдарым және тиісті сертификаттарым бар.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Абай атынд.ҚазҰПУ |
Жоғары |
2009 |
0
құжаттар
0